Өскеменде өткен сессияда мемлекеттік қызметшілерді оқыту курстары ұсынылды

Өскемен 1-05-2025, 09:51 0

Өскемен қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан облыстық XXXI сессиясы аясында өңірлік татулықты нығайту мен этносаралық келісімді дамытуға бағытталған жаңа бастамалар көтерілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Сессия барысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Жанар Бұқанова мемлекеттік қызметшілер үшін оқыту курстарын ұйымдастыруды ұсынды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ел ішінде біртұтас және тату ұлт қалыптастыру, диалог пен өзара ынтымақтастық орнату аса маңызды.

– Бүгінгі күні бізге нақты бағыт қажет – ол біртұтас ұлтты қалыптастыру, диалог пен әріптестікті жолға қою. Сонымен қатар, бұл үрдіске тек мемлекеттік қызметшілерді ғана емес, жалпы қоғамды, әсіресе жастарды кеңінен тарту маңызды. Сондықтан тыңдаушылар санатын кеңейтіп, жас мамандарға арналған арнайы курстар қарастыруды ұсынамын, – деді Жанар Қалиқанқызы.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұл ұсынысты толық қолдап, курстарды ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырма берді.

– Жанар Қалиқанқызы, мен мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту курстарын өткізу жөніндегі ұсынысыңызды қолдаймын. Бұл – аса өзекті мәселе. Сондықтан профильді мемлекеттік органдарға осы жұмысты жан-жақты қолдап, тыңдаушылардың толық қатысуын қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді аймақ басшысы.

Бұл бастама – өңірде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа деңгейіне шығуға жасалған нақты қадам.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады