Өскеменде түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бас қосты

Өскемен 1-05-2025, 09:54 0

Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан облыстық XXXI сессиясы Өскемендегі Республика алаңында, арнайы тігілген киіз үйде өтті. Түрлі этнос өкілдерін бір шаңырақ астына жиған бұл жиын – ел бірлігінің, қоғамдық келісім мен татулықтың айқын көрінісіне айналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жиынға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ «Ассамблея жастары» қозғалысының белсенділері қатысты.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Атаулы дата аясында ұйымдастырылған сессия – еліміздегі бірлік, бейбітшілік және өзара түсіністіктің нығая түскенін айқындайтын маңызды алаң болды.

Сессияда сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жиынның маңыздылығына тоқталды.

– Құрметті жерлестер, қадірменді қауым! Бүгін қасиетті Шығыс өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясын өткізіп отырмыз. Бұл – мәні мен мазмұны терең шара. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен ҚХА-ның XXXIV сессиясында ел бірлігі мен татулығы – басты құндылықтарымыздың бірі екенін атап өтті. Бұл – мемлекеттік саясаттың берік тірегі. Ассамблея – жалпыұлттық бірегейлікті нығайтудың тиімді құралы. Шығыс Қазақстан – бұл құрылымның қалыптасуында жетекші рөл атқарған өңір. Алғашқы Достық үйі мен этномәдени бірлестіктер де осы аймақта құрылған. Бүгінде олар қоғамдық келісімді нығайтуда ауқымды жұмыс атқарып келеді. Ассамблея – қоғамда өз тиімділігін дәлелдеген, конституциялық мәртебесі бар маңызды институт. Баршаңызды ынтымақ пен бірлікті нығайту жолында аянбай еңбек етуге шақырамын, – деді аймақ басшысы.

Сессия барысында ҚХА-ның даму бағыттары, жастармен жұмыстың жаңа форматтары, қазақстандық бірегейлікті нығайту жолдары талқыланды. Әсіресе жас буынның этносаралық келісімді сақтау мен дамытудағы рөліне айрықша назар аударылды.

Жиын этномәдени бірлестіктердің озық тәжірибесін бөлісуге, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуда күш-жігерді үйлестіруге бағытталған ашық диалог алаңына айналды. Іс-шара соңында өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.


Фото: Махаббат Ахметжанова

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады