Өскеменде өткен ҚХА сессиясы аясында бірқатар қоғам қайраткерлері марапатталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан облыстық XXXI сессиясы аясында өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласқан азаматтарға құрмет көрсетілді. Олардың қатарында Ассамблеяның дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан танымал тұлғалар бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің рухани және интеллектуалдық дамуына қосқан үлесі үшін Геннадий Николаевич Пуссеп «Парасат» орденімен марапатталды.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Олардың қатарында:Александр Николаевич Алексеенко – ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі;
- Александр Николаевич Алексеенко – ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі;
- Мария Баймұханқызы Бейсеканова – ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы;
- Татьяна Абдуловна Кагерманова – Шығыс Қазақстан облысындағы «Вайнах» шешен және ингуш қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
- Александр Андреевич Яковлев – ШҚО славян мәдениеті қоғамының төрағасы;
- Ярослава Владимировна Волкович – ШҚО украин мәдени орталығының төрайымы;
- Владимир Викторович Лебедев – «Сион» еврей мәдени орталығының төрағасы;
- Жұлдыз Сейтқұмарқызы Ақтанжанова – ШҚО ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, «Үйлесім» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі;
- Павлина Михайловна Пшимбаева – ШҚО корейлер қауымдастығы төрағасының орынбасары;
- Борисович Галина – «Шығыс Қазақстан Беларус мәдени орталығының» жетекшісі
- Лидия Генриховна Роот – «Видергебурт» неміс мәдени орталығының мүшесі;
- Валентина Васильевна Фрышко – поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары;
- Роза Алиттиновна Цис – татар мәдени орталығы төрағасының орынбасары;
- Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров – ШҚО ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары.
Марапат иелерінің барлығы – қоғамдық келісімді нығайтуға және өңірдің мәдени әлеуетін арттыруға үлес қосып жүрген азаматтар.