Өскеменде Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтіп жатыр

Өскемен 1-05-2025, 09:44 0

Сессияға 100-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында облыстық Ассамблея мүшелері, «Ассамблея жастары» қозғалысының өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шара Республика алаңында, арнайы тігілген үлкен киіз үй ішінде өтуде. Қатысушылар өңірдегі ҚХА-ның даму бағыттарын, жастармен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдерін және қазақстандық бірегейлікті нығайту жолдарын талқылауда. Әсіресе жас буынның этносаралық келісімді сақтау мен дамытудағы рөліне ерекше назар аударылуда.

Айта кетейік, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – бүкіл ел үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға саналады.  

Атаулы дата Шығыс Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. Өйткені дәл осы өңірде алғашқы этномәдени бірлестіктер мен алғашқы Достық үйі ашылған. Бүгінде бұл ұйымдар өңір өміріне белсене араласып, толеранттылықты, мәдениетті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті насихаттап келеді.  

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жасанды құрылым емес, ел бірлігін нақты іспен нығайтатын тиімді институт екенін бірнеше рет атап өткен болатын.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады