Өскеменде балалар автобуста тегін жүреді
Өскемен / Қоғам
23-08-2025, 09:49
1 қыркүйектен бастап 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қоғамдық көлікте жол ақысын төлемейді.
Бұл бастаманы шаһар басшысы Алмат Ақышов ұсынды. Осы жеңілдіктерге байланысты тасымалдаушылардың шығындары бюджет есебінен өтеледі.
Ескерте кетейік, балалар мен жасөспірімдерге валидаторға есепке алу үшін ONAY! картасын қолдану қажет.