Өскеменнен Алакөлге қалай тез жетуге болады?

Өскемен 16-06-2025, 16:59

Алакөлге барып демалғысы келетіндер үшін жақсы жаңалық – маусым айынан бастап Өскемен мен Алакөл арасында автобус та, пойыз да тұрақты қатынай бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Автобуспен – 13 сағатта

Өскеменнен Алакөлге автобус 10 маусымнан бастап күн сайын қатынайды. Автобус Абай даңғылы, 8 мекенжайындағы автовокзалдан сағат 19:30-да шығып, келесі күні таңғы 8:00-де Алакөлге жетеді. Яғни, жолға шамамен 13 сағаттай уақыт кетеді.

Билет бағасы:
– Ересектерге – 10 100 теңге
– Балаларға – 5 050 теңге

Кері бағытта, яғни Алакөлден Өскеменге автобус кешкі 18:30-да жүреді.
Қосымша ақпарат алғыңыз келсе, автовокзалдың анықтама қызметі: 8-777-189-00-03

Пойызбен – 17 сағат 23 минут

Ал егер пойызбен баруды жөн көрсеңіз, Өскемен-1 – Жалаңашкөл бағытындағы жолаушылар пойызы 1 маусымнан бастап тақ күндері қатынайды. Пойыз сағат 16:20-да Өскемен-1 вокзалынан шығып, ертеңінде таңғы 9:43-те Жалаңашкөлге жетеді. Бұл бағытта жолға 17 сағат 23 минут кетеді.

Пойызда алты вагон бар:
– 2 купе вагоны
– 4 плацкарт вагоны

Билет бағасы:
– Плацкартта ересектерге – 5 794 теңге, балаларға – 3 494 теңге
– Купеде ересектерге – 8 591 теңге, балаларға – 4 893 теңге

Толық ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ анықтама қызметінен біле аласыз: 1433


Фото: pixabay.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар