Қан орталығында ашық есік күні өтеді

Жанға үміт, жүрекке жылу сыйлайтын жандарды ұлықтайтын күн жақындап қалды. 13 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Қан тапсырып – үміт сыйла! Бірге өмірді сақтаймыз!» атты шара өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл күн – қайырымдылық пен жанашырлықтың, адам өміріне деген шынайы жауапкершіліктің белгісі. Сағат 10:00-де басталатын салтанатты жиында қан тапсыру арқылы өмір сыйлаған жандарға құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталады, сондай-ақ мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Шара аясында бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық есік күні өткізіліп, журналистер қан орталығының жұмысымен таныса алады. Бұл – донорлық мәдениетті насихаттауға бағытталған маңызды бастама.
Фото: pexels.com