Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай донорлық акция өтті

Өскемен 6-05-2025, 11:23 0

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған ерекше донорлық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған қос мереке – жай ғана күнтізбедегі даталар емес, олар – ерлік пен батырлықтың, Отанға деген адалдық пен сүйіспеншіліктің символы. Бұл күндері халқымыз ел үшін жанын берген батырларды еске алып, бүгінгі тыныштық пен бейбіт өмірдің күзетінде жүрген азаматтарға алғыс білдіреді.

— Осы атаулы күндерге орай қырықтан астам ер-азамат қан орталығына келіп, қан тапсырды. Олар өмір үшін күресіп жатқан адамдарға үміт сыйлады. Бұл — ерліктің, жанашырлықтың және адамгершіліктің жарқын көрінісі. Сарбаздар мен бейбіт күннің ерлері – бір тізбектің жалғасы іспетті, — деді облыстық қан орталығының директоры Светлана Шмурыгина.

Қан тапсырған әрбір донорға ризашылық белгісі ретінде термос сыйға тартылды. Бұл — денсаулыққа көңіл бөлудің маңызын еске салатын, әрі олардың игі ісін құрметтеудің белгісі.

— Құрметті ер-азаматтар! Сіздердің күш-қайраттарыңызға, кең жүректеріңізге және азаматтық борыштарыңызды адал атқарып жүргендеріңізге алғыс білдіреміз! Батырлық – тек майдан даласында емес, бейбіт өмірде де танылады. Осындай қайырымды істер арқылы ерлік рухын жас ұрпаққа жеткізуді жалғастырайық, — деді қан орталығының мамандары.

Бұл игі шара патриотизм мен адамгершілікті ұштастыра отырып, көпшілікке үлгі боларлық бастамаға айналды.


Фото: Жібек Нұрахмет

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады