Шығысқазақстандық құтқарушылар 15 литр қан тапсырды
Өскемен
13-05-2025, 13:05
0

Өскемен қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде «Донор күні» өтті. Бұл игі шара аясында Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жалпы көлемі 15 литр қан тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әр тамшы қан — бір өмір. Құтқарушылар науқастарға үміт сыйлау үшін өз еркімен қан тапсырып, игі іске үлес қосты. Акцияны «Шығыс Қазақстан қан орталығының» дәрігерлері ұйымдастырды.
Шараға қатысқандардың арасында тұрақты донорлар да, алғаш рет қан тапсырғандар да болды. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бұл шараға үлкен жауапкершілікпен келді. №7 бөлімде өткен «Донор күні» – жай акция емес, бұл көмекке мұқтаж жандарға деген шынайы жанашырлықтың көрінісі болды.