ШҚО, Катонқарағай: 65 жылдық шежіреден – сахналық шедеврге дейін

Өскемен 24-05-2025, 17:55

Катонқарағай аудандық мәдениет үйінде рухани әлемнің биік шоқысына айналған айрықша мәдени оқиға өтті: 65 жылдық тарихы бар Ақжар халық театры Мұхтар Әуезовтің әдеби жауһары – «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын сахналап, көрермендерді нағыз шынайы өнермен сусындатты, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Мәңгілік махаббат пен адалдықтың символына айналған бұл туындыны сахна тілінде сөйлету – театр ұжымынан үлкен кәсіби шеберлікті, жүректен шыққан сезімді талап етті. Осы үдеден шыққан актерлер көрерменнің көңілінен шығып, олардың рухын тербеді.

Сахналық қойылымда тек актерлер ойыны ғана емес, сценография, жарық пен музыкалық сүйемелдеудің үйлесімі де ерекше көңіл бөлді. Театр ұжымы көркемдік пен мазмұнды терең тоғыстыра отырып, ұлт мұрасын бүгінгі ұрпаққа жаңаша үлгіде ұсынды.

Кеш — халық өнерінің, сахналық дәстүрдің және ұлттық рухтың салтанаты болды. Ақжар театрының бұл қойылымы – өңір өнерінің биіктеп келе жатқанын тағы бір мәрте көрсеткендей.


Фото: Катонқарағай ауданының әкімдігінен

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар