«Соғыс жылдарындағы әндер» – Жеңіс рухын ұлықтаған әсерлі музыкалық кеш

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Өскеменде ерекше музыкалық-патриоттық шара өтті. «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубтарының бірлестігі ұйымдастырған «Соғыс жылдарындағы әндер» атты бейнелік форматтағы концерт қала тұрғындарына майдан жылдарындағы рух пен көңіл күйді терең сезінуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шарада балалар, жасөспірімдер мен олардың педагогтері орындаған сүйікті әрі жүрекке жақын соғыс әндері көрермендердің көңілінен шықты. Әрбір композиция театрландырылған-хореографиялық көріністермен толықтырылып, Жеңіс ұрпақтарының рухын, үмітін және батырлығын бейнелейтін көрнекі сахналық образдармен сүйемелденді.
Кеш барысында көрермендер «Смуглянка», «Катюша», «Эх, путь-дорожка фронтовая», «Славянкамен қоштасу», «Жеңіс күні» сынды ел есінде сақталған әндерді тыңдады. Бұл туындылар өткен ұрпақтың ерлігі мен төзімділігін еске салып, бүгінгі буынның жүрегіне патриотизм мен ризашылық сезімін ұялатты.
Музыкалық кеш ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісіне айналып, соғыс жылдарындағы естеліктерді бүгінгі жастармен жалғап, батылдық пен үміттің символы ретінде шығармашылықтың ұлы күшін тағы бір мәрте дәлелдеді.