Глубокое кентінде патриоттық әндер шырқалды
Өскемен
10-05-2025, 15:46
0

Глубокое кентінің орталық стадионында патриоттық әндер шырқалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Глубокое кентінде Ұлы Жеңіс күні Жеңіс обелискіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.
Іс-шараның жалғасы кенттің орталық стадионында өтті. Мұнда патриоттық әндер шырқалып, спорттық жарыстар, көрме және сауда-саттық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Ауылдық округтердің өнерпаздары соғыс жылдары сарбаздарға рух берген «Кестелі орамал», «Смуглянка», «Қаһарман Мәншүк», «Катюша», «Жойылсын соғыс» сынды әндерді орындады.
Мерекелік кеш "Шырақ жағу" рәсімімен аяқталады.