«Сарбазға хат»: Тарбағатай оқушылары патриоттық челленджге қатысты

Өскемен 8-05-2025, 12:56 0

Тарбағатай ауданындағы жиырмадан астам мектептің оқушылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты жоспар аясында өткен «Әскердегі сарбазға хат» әлеуметтік челленджіне белсенді қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Патриоттық бастама елімізде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздарға рухани қолдау көрсетіп, жас буын арасында әскери қызметке деген құрметті арттыруға бағытталған. Шараға қатысқан оқушылар сарбаздарға деген лебіздерін хатқа түсіріп қана қоймай, парақшаларын патриоттық нақышта безендіріп, ұлттық киім киіп келді.

Асусай мектебінің 11-сынып оқушысы Елжан Жансерікұлы, 10-сынып оқушылары Мансұр Тоқанов пен Айқын Мұратханов әскердегі ағаларына жүрекжарды тілектерін жолдады. Олар өз хаттарында туған жердің амандығын тілеп, сарбаздарға рух беретін жылы сөздерін арнады. Игі бастаманы басқа да ауыл мектептері жалғастырып, оқушылар жырақта жүрген туыстарына ізгі ниетпен хат жазды.

– Бүгін мектебіміздің оқушылары қолына қалам алып, Қазақстан Қарулы Күштерінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне хат жолдады. Бұл шара арқылы өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік рух пен елге деген жауапкершілікті қалыптастыруды көздедік. Хат жолдағандардың арасында әскерде ағалары қызмет атқарып жүрген оқушылар да бар, – деді М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжінің басшылығы.

Шара қорытындысы бойынша барлық хаттар арнайы жинақталып, сарбаздарға жеткізілмек. Бұл — бір жағынан ел амандығын тілеп жүрген жас буынның жүрек үні, екінші жағынан – сарбаздарға деген ел ықыласының айқын көрінісі.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады