Өскемен тұрғындары жаппай ағаш отырғызу шарасына шақырылады.

Өскемен / Қоғам 1-05-2025, 08:55 0

Облыс орталығын көгалдандыруға арналған экологиялық акция аясында қала тұрғындары ағаш отырғызуға қатыса алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция 2 мамыр күні облыс орталығында өтеді. Іс-шараға барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

— Бұл Өскеменді көгалдандыруға, қаланы таза, көрікті әрі жайлы етуге өз үлесін қосуға тамаша мүмкіндік, – деді қала әкімдігінде.

Қатысушыларды жинау таңғы сағат 9:00-де Әл-Фараби даңғылы, 8 мекенжайында басталады. Ұйымдастырушылар белсенділерді құрал-сайманмен, сумен және жеңіл тағаммен қамтамасыз етеді.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады