1 мамыр күні Өскеменде қандай іс-шаралар өтеді?

1 мамыр күні Өскемен қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді.
Осы күні қала тұрғындары мен қонақтарын мазмұнды бағдарлама күтеді:
Сағат 10:00-де «Қазақстан» тауында Бірлік жүгіруі басталады. Шара салауатты өмір салтын ұстанушыларды біріктіріп, бірлік пен достықтың маңыздылығын айшықтайды.
Сағат 12:00-де Республика алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармония әртістерінің қатысуымен «Qazaqelі-tatýlyqmekenі» атты концерттік бағдарлама өтеді.
Дәл осы уақытта Сол жағалау кешенінде «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» атты мерекелік концерт басталады. Онда үздік музыкалық және би нөмірлері орындалады.
Күнді сағат 18:00-де Республика алаңында өтетін «Студенттік достық – 2025» жастар фестивалі түйіндейді. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналады. Бағдарламада — шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетулері, флешмобтар және жарқын концерттік нөмірлер бар.