Өскеменде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шаралар өтеді

Өскемен қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын 7-8 мамыр күндері өтетін Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
7 мамыр күні:
Мереке 11:00-де Сол жағалаудағы әскери кешенде өтетін мерекелік концертпен басталады. Сағат 12:30-да батырларымызға тағзым ретінде Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, дәл осы күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың тікелей көрсетілімі екі нүктеде ұсынылады:
Сол жағалаудағы әскери кешен;
Спорт сарайының жанындағы LED экран.
8 мамыр күні:
Кешкі сағат 19:00-де Республика алаңында орналасқан Орталық киіз үйде көркем фильмнің ашық көрсетілімі өтеді.
Ұйымдастырушылар өскемендіктерді ел қорғаны болған батырлардың ерлігін бірге еске алып, тағзым етуге шақырады.
Фото: Жібек Нұрахмет