Рұқсат етілмеген жерде суға түсу қайғылы жағдайға әкеп соқты
Өскемен
13-06-2025, 16:15

Кеше, яғни 12 маусым күні Өскемен жұртшылығы «котлован» деп атап кеткен Ертіс өзенінің тармағында («Кенді емес материалдар комбинаты» ЖШС-нің маңы) шомылған 2008 жылы туған жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оның денесін ТЖД сүңгуірлері жағадан 25 метр қашықтықтан алып шықты.
Бұған дейін ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тек рұқсат етілген, арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылу қажеттігі туралы ескерту жасаған болатын. Мұндай орындарда кезекші құтқарушылар жұмыс істеп, барлық қауіпсіздік шаралары сақталады.
Фото: pexels.com