Шығыс Қазақстаннан келген құтқарушының жеңісі

Өскемен 9-06-2025, 16:50


Алматыда джиу джитсудан «Самурай абсалют» ашық чемпионаты өтті, оған Қазақстан мен көрші елдерден – Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден мыңнан астам спортшы қатысты.
Өскемен қаласынан Мамандандырылған жасақтың өрт сөндіруші-құтқарушысы Аслан Советов 2 санатта-«GI» және «NO – Gi», 69,5 кг салмақ санатында өнер көрсетті.  
Екі санатта да Аслан 1 орынға ие болды және қыркүйек айында өтетін сол лигада әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.
Аслан Советов бала кезінен әр түрлі жекпе-жек түрлерімен айналысады. Өткен жылы ол Мәскеуде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар қатарына 10 жыл бұрын келген.  Жасалған жағдайдың арқасында Аслан жоғары нәтижелерге қол жеткізе отырып, қызмет пен спортты  қатар алып жүр.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар