САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ: ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕУІ МҮМКІН

2025 жылғы мамырдан бастап дәрі-дәрмектерді сақтау және тасымалдау бойынша қызметтерді сатып алу процесі электрондық форматқа ауыстырылды. Бұл өзгеріс дәрі-дәрмек бағаларының төмендеуіне ықпал етеді деген болжам бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, байқаулар еліміздің 7 өңірінде жарияланған. Бюджет қаражатын үнемдеудің алдын ала болжамы шамамен 1 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ, 2024-2025 жылдары 900-ден астам медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы өзектендірілді, қосымша 900-ден астам жаңа позиция енгізілді.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық ұйымдардың барлық дербес сатып алулары Электрондық қаржы орталығының веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Бұл ауысу денсаулық сақтау саласындағы сатып алу процестерінің ашықтығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды, делінген хабарламада.
Фото: depositphotos.com