АЛТАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРЛЕРІ КЛИНИКАЛЫҚ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ НАУҚАСТЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Өскемен 8-06-2025, 10:58

Алтай қаласындағы жедел медициналық жәрдем подстанциясының фельдшерлері Әсет Рахимов пен Жанна Кудеринаның сауатты және дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында клиникалық өлім жағдайына түскен науқастың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, оқиға 2 маусымға қараған түні болған. Сағат 02:49-да, Тұрғысын ауылынан жедел жәрдемге шұғыл шақырту түскен. 47 жастағы ер адам сол жақ жауырынға берілген қатты ауырсынуға және қатты терлеуге шағымданған. Жедел жәрдем бригадасы бірден оқиға орнына аттанды.

Жол үстінде науқастың жағдайы күрт нашарлайды. Аппарат қан айналымының тоқтағанын көрсетті бұл – клиникалық өлім еді.

Жедел әрекет еткен фельдшер Әсет Рахимов (жедел жәрдемде 27 жылдық еңбек өтілі бар) пен оның жас әріптесі Жанна Кудерина (жедел желіде жұмыс істей бастағанына небәрі 21 күн болған) дефибрилляция жасап, толық реанимациялық шаралар кешенін жүргізді. Нәтижесінде жүрек соғысы қалпына келтіріліп, науқастың жағдайы тұрақтандырылды. Ол тірі күйінде ауруханаға жеткізілді.

-Алтай подстанциясы базасында 2024 жылдың сәуірінде  стимуляциялық орталық ашылған болатын.  Онда фельдшерлер муляждар арқылы үнемі тәжірибелік жаттығулардан өтіп, шұғыл көмек көрсету дағдыларын шыңдайды. Соның нәтижесін фельдшерлер бүгін нақты әрекеттерімен дәлелдеді, - деп атап өтті басқармада. 

Бүгінгі құтқарылған өмір — білімнің, тәжірибенің, командалық жұмыстың және медицина қызметкерлерін жүйелі даярлаудың нақты жемісі.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар