Туризм мен тарих сабақтасқан жоба: Оқушылар «Киелі Шығысты» араламақ

Өскемен 2-06-2025, 18:27

Шығыс Қазақстан облысы аумағында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен жазғы демалыс кезінде оқушыларды туған өлке тарихымен таныстырып, демалысын тиімді өткізуге бағытталған «Киелі Шығыс» жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жобаға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 7–8-сынып оқушылары қатысуда. Ол екі кезең бойынша өтуде:

  • 1-кезең – «Қасиетті Шығыс» интеллектуалдық конкурсы;
  • 2-кезең – ШҚО бойынша оқу-танымдық турлар.

Бірінші кезең 2025 жылғы 2 сәуірде онлайн платформада барлық аудан мен қала мектептерінде ұйымдастырылды. Конкурсқа 7–8-сыныптың 6 144 оқушысы қатысқан. Қатысушылар өңірлік мазмұнға негізделген «Қазақстан тарихы», «География», «Биология», «Әдебиет» пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындады.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, осы конкурстың жеңімпаздары атанған 200 оқушы 2025 жылғы маусым айында төрт бағыт бойынша оқу-танымдық турларға қатыспақ. Олар - Берел (Катонқарағай ауданы), Қиын-Керіш (Күршім ауданы), Таулы Үлбі (Риддер қаласы), Сібе көлдері және «Мария жартасы» Шемонаиха ауданы.

Оқу-танымдық турлар бағдарламасына экскурсиялар, шеберлік сабақтары және туризм негіздері бойынша оқу-практикалық сабақтар енгізілген. Сонымен қатар, оқушылар туған өлкенің дәстүрі, мәдениеті мен тарихи мұрасын тереңірек зерттейді.

Саяхат барысында оқушыларға ұйымдастырушылар, экскурсия жетекшілері, туризм бойынша кәсіби жаттықтырушылар, мұғалімдер, медицина және полиция қызметкерлері ілесіп жүреді.

«Киелі Шығыс» жобасы — балалар үшін Шығыс Қазақстанның мұражайлары мен қорықтарын, мәдени-тарихи ескерткіштері мен киелі орындарын, табиғи ұлттық парктерін аралап көруге берілетін бірегей мүмкіндік.


Фото: Shygysdaryn.kz

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар