Заңсыз құрылысқа – заңды тосқауыл

Өскемен 28-05-2025, 17:49

Өскемен қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған ведомствоаралық кеңес өткізді. Атап айтқанда, рұқсат құжаттарын ресімдемей және үлескерлердің қаражатын тарту тәртібін бұза отырып жүргізілген құрылыс жұмыстарына қатысты проблемалық жайттар қаралды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кеңес жұмысына әкімдік, уәкілетті және бақылаушы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ қазіргі таңда бақылаушы органдар тарапынан сұрақтар туындап отырған барлық құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Жиын барысында бірқатар нақты заңбұзушылық фактілері талқыланды. Атап айтқанда: рұқсатсыз құрылыс жүргізу, тұрғын үй кешендерінің заңсыз жарнамалануы, азаматтардың қаражатын заң талаптарын айналып өтіп тарту жағдайлары анықталды.

Талқылау қорытындысы бойынша аталған заңбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, үлескерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ адал емес құрылыс салушылардың жауапкершіліктен жалтармауына жол бермеу бағытында кешенді шаралар әзірленді.

Өскемен қаласының прокуратурасы заңнама талаптарын елемеу жағдайында ең қатаң шаралар қолданылатынын қатаң ескертуде.


Фото: Өскемен қаласының прокуратурасы

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар