Музей түні: Өскеменде ерекше мәдени кеш өтеді

Өскемен 14-05-2025, 17:15 0

Шығыс Қазақстанда 16 мамыр күні «Музей түні - 2025» халықаралық акциясы өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биылғы шара Жұмысшы кәсіптері жылына орайластырылып, «Тағдырға айналған кәсіп» тақырыбында ұйымдастырылады. Мәдени-танымдық кеш облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бастамасымен өткізіледі.

Іс-шараның басталуы сағат 17:00-де Қ. Қайсенов атындағы этносаябақта жоспарланған. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік концерт қойылып, келушілер шеберлік сабақтарына, көрме-жәрмеңкеге, квест ойындар мен ұлттық ойындарға қатыса алады. Сондай-ақ сауда-саттық орындары ұйымдастырылып, отбасылық демалысқа лайықты жағдай жасалады. Балаларға сурет салу, халық аспаптарымен танысу мүмкіндігі ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кеш музей кеңістігін жаңа форматта танып-білуге жол ашып, өскелең ұрпақты мәдени құндылықтарға жақындата түседі. Музейге кіру – тегін.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады