ШҚО-да жасөспірімге сыра сатқан кәсіпкерге айыппұл салынды
Өскемен
13-05-2025, 12:19
0
Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған жасөспірімге сыра сатқан кәсіпкерге 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әкімшілік құқық бұзушылық іс Үлкен Нарын аудандық сотында қаралды. Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 27 наурыз күні Үлкен Нарын ауданындағы дүкендердің бірінде 21 жасқа толмаған азаматқа алкогольдік сусын сатылған.
Сот сатушыны кінәлі деп тауып, оған 110 096 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сонымен қатар, кәсіпкердің алкоголь өнімдерін сату лицензиясы бір айға тоқтатылды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.