Экологиялық заңнаманы бұзу: «СИНЬСИН» компаниясы 1 млрд теңге айыппұлға тартылды

Өскемен / Қоғам 28-04-2025, 09:08

ШҚО Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша Экология департаменті «СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы» ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді.
 
Тексеру нәтижесінде экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталды — ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану фактілері тіркелді.
 
2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 
Аталған қаулы ЖШС тарапынан Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданумен дауланды.
 
Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды.
 
Тарап апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірді, алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
 
#Заң_және_Тәртіп
#Заңүстемдігі
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/984614

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар