Өскеменде түнгі уақытта 223 жасөспірім жүргені анықталды

Өскемен 8-05-2025, 15:14 0

Өскемен қаласында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруінің алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары кешенді рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қалалық прокуратура мен полиция қызметкерлері бірлесіп, 2025 жылғы 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында көшелерді, аулаларды және ойын-сауық орындарын тексерді. Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 227 жасөспірім анықталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Олардың бесеуі уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.

Құзырлы органдардың мәліметінше, барлығы 271 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде 223-і – түнгі уақытта балалардың көшеде ересектерсіз жүруіне қатысты болса, қалған жағдайлар ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық тыныштықты бұзу деректерімен байланысты.

Сондай-ақ, түнгі уақытта кәмелетке толмаған баласын қараусыз қалдырғаны үшін 26 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы рейдтік шаралар жалғасатынын хабарлайды.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады