Риддердегі ғасыр жасаған ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады

Өскемен 8-05-2025, 13:00 0

Риддер қаласына іссапармен келген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов қала басшысымен бірге 101 жастағы соғыс ардагері Павел Альбоханы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өңір басшылығы ғасыр жасаған ардагердің ерлігі мен бейбіт өмірдегі ерен еңбегіне ризашылық білдіріп, естелік сыйлықтар мен жылы лебіздерін жеткізді.

Павел Прокопьевич — Риддер қаласының және Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы. Украина, Польша, Чехословакия жерін жаудан азат етуге қатысқан. Зейнетке шыққанға дейін Лениногор полиметалл комбинатында ұзақ жылдар еңбек еткен.

Жеңіс күні қарсаңында Риддер қаласындағы тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалған жоқ. Оларға мерекелік медальдар, сертификаттар және естелік сыйлықтар табысталып, лайықты құрмет көрсетілді.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады