Қазақстан – Жеңіске үлес қосқан жауынгер ел

Өскемен / Жаңалықтар 8-05-2025, 12:58 0

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Қазақстан елі ерен ерлігімен, тылдағы тынымсыз еңбегімен ерекшеленді. Алапат соғысқа Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан аса азамат қатысты. Бұл – сол кездегі республика халқының әрбір төртінші тұрғыны қару асынып, майдан даласына аттанды деген сөз, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Соғыс жылдарында еліміз майданның мызғымас тірегіне айналды. Сол кезеңде жауынгерлер атқан әрбір тоғызыншы оқ Қазақстанда құйылды. Бұл – еліміздің өндірістік қуаты мен жауынгер рухының нақты көрінісі.

Тылдағы еңбек те тоқтаған жоқ. Қазақстанға 220-дан астам фабрика мен зауыт көшіріліп, әскери техника мен жабдықтарды өндіру жолға қойылды. Әйелдер, қарттар мен балалар күн-түн демей еңбек етіп, Жеңіс үшін барын салды.


Фото: President.kz

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады