Зайсанда «Бірлік ағашы» отырғызылды
Өскемен
1-05-2025, 09:58
0

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Зайсан қаласында «AMANAT» партиясының бастамасымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға мәслихат депутаттары мен жастар белсене қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Акция барысында қала көшелері қоқыстан тазартылып, ағаштар отырғызылды. Бұл бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен туған өлкені аялауға үндейді.
– Таза қоршаған орта – ұлт болашағына деген қамқорлықтың көрінісі. Мұндай шаралар арқылы біз жастарды еңбекке баулып, табиғатты құрметтеуге тәрбиелейміз. Бірлік пен берекені ұлықтаған осындай күнде туған жерімізді көркейту – баршамыздың ортақ парызымыз, – деді ұйымдастырушылар.
«Бірлік бар жерде – береке бар!» деген ұранмен өткен игі шара алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.