Ұлан ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Өскемен / Қоғам 6-05-2025, 12:37 2

Ұлан ауданына қарасты Қасым Қайсенов кентінде аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өткізіліп, еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.

Акцияның басты мақсаты - азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, отаншылдық сезімі мен туған жерге деген құрметін қалыптастыру. Ерекше көңіл қоғамның белсенді және бейжай емес бөлігі саналатын жастарды тартуға бөлінді.

Іс-шара аясында Қасым Қайсенов кентінде аумақты тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1000-нан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, Бозанбай ауылдық округіндегі Сібе көлдерінің жағалауларында тазарту және көгалдандыру жұмыстары өтті.

Акцияға студенттер, оқушылар, еріктілер, жастар мен экологиялық ұйымдардың мүшелері - барлығы 130-ға жуық адам қатысты. Әсіресе Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 30 студентінің белсенділігін атап өткен жөн.

Барлық қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, көлікпен және тиісті сүйемелдеумен қамтамасыз етілді. Сенбілік аяқталған соң жиналған қоқыс арнайы полигондарға тез арада шығарылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар экологиялық жауапкершілікті тәрбиелеуде және тұрғындарды туған өлкесінің болашағына деген қамқорлыққа біріктіруде маңызды рөл атқарады.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады