Риддерде «Бірлік марафоны» өтті

Өскемен 1-05-2025, 09:50 0

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды «Бірлік марафоны» ұйымдастырылды. Бұл игі бастаманы Риддер қаласының тұрғындары да қолдап, ел бірлігі мен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған жарқын шараға белсенді атсалысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жүгіру марафонына кәсіби спортшылармен қатар, жастар ұйымдарының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар саны 1000-нан асты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, студенттер, еңбек ұжымдары және зейнеткерлер де болды.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, марафон ел ішіндегі достық пен татулықтың, түрлі этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтың нышанына айналды. Шара қатысушыларға сергектік сыйлап, қоғамдағы ортақ құндылықтарды ұлықтауға үндеді.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады