Өскеменде трамвайлар уақытша тоқтайды
Өскемендегі Үлбі көпірінің түсетін тұсындағы трамвай жолдарына жөндеу жүргізілуіне байланысты 25 сәуір күні сағат 19:00-ден бастап 27 сәуірге дейін трамвайлар уақытша жүрмейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осы кезең аралығында жолаушылар үшін арнайы автобустар қатынайтын болады.
Промзона бағытына №26 және №27 автобустары, №3 трамвай бағыты (Назарбаев даңғылы) бойынша №12, №2 және №1 автобустары жүреді.
Қала әкімдігі қоғамдық көлік қозғалысындағы уақытша өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұрайды.
Жөндеу жұмыстары жолаушылар қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы үшін жүргізілуде.