1 қыркүйектен бастап техникалық мамандықтарға оқыту тегін болады

2024–2025 оқу жылында елімізде 170 мыңнан астам студент колледжді тәмамдайды. Олардың 123 мыңы жұмысшы мамандықтары бойынша білім алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап сұранысқа ие техникалық мамандықтарға оқыту толықтай тегін болады. Мемлекеттік гранттардың 70%-ы осы салаға бөлінеді.
Бүгінде Қазақстан колледждері металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты 15 негізгі бағытта мамандар даярлап отыр. Дуалды оқыту жүйесімен 27 мың студент, ал кәсіпорындардың сұранысы бойынша 10 мыңнан астам студент білім алды. Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейі – 81%.
Алдағы жылы кәсіпорындардың өтінімдері негізінде тағы 10 мың студент техникалық бағытта оқуға қабылданады.
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі