Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Бүгін – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы датаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекемен құттықтап, әлеуметтік желідегі парақшасында жылы лебізін білдірді.
– Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х желісіндегі парақшасында.
Президент атап өткендей, ұлт болашағы саналатын өскелең ұрпақтың амандығы мен бақыты – мемлекет саясатының маңызды бағыты. Бүгінде елімізде балалардың құқықтарын қорғауға, білім алуына, тәрбиесіне, денсаулығына айрықша көңіл бөлініп отыр.