Көлік салығын төлеуді ұмытпаңыз: 1 сәуір – соңғы күн

Өскемен 30-03-2025, 14:06 0

Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылға арналған салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.

Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау мақсатында жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.

Есептелген салық сомалары туралы ақпарат 2025 жылғы 11 наурыздан 31 наурызға дейін екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламасы түрінде жіберіледі.

Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылады.


Фото: pexels.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады