ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Өскемен 1-07-2025, 11:15
Шығыс Қазақстан облысында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған лауазымға Данияр Асқарұлы Уахитов тағайындалды. Ол — С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің магистратурасын тәмамдаған.

Данияр Уахитов 2006 жылдан бері түрлі салада, соның ішінде тау-кен және металлургия кешенінде, кәсіподақ ұйымдарында, ауылдық округ пен аудан әкімдіктерінде басшылық қызметтер атқарған. 2023 жылдан бері Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

— Данияр Асқарұлының еңбек өтілі – 17 жыл, оның 9 жылы мемлекеттік қызмет саласында өтті. Енді оған жолаушылар көлігінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, жолдарды уақтылы әрі сапалы жөндеу, сонымен қатар жаңа магистральдар салу секілді маңызды міндеттер жүктеліп отыр, – делінген облыс әкімдігінде.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар