ТЖД ШҚО қызметкерлері жанып жатқан пәтерден 5 адамды құтқарды
Өскемен
2-07-2025, 15:57

🔥Өскемен қаласындағы Шаяхметов көшесінде бес қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерлердің бірінде жиһаз бен тұрмыстық техника жанды.
🧑🚒Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, көрші пәтерлерден 10 адамды эвакуациялады.
✅ Өрт 25 ш.м.алаңда сөндірілді. Себебі анықталуда.