Өскемен қаласында «Киберқылмысқа тоқтау» атты алғашқы ашық интеллектуалды квиз өтеді

Өскемен 25-06-2025, 10:28

25 маусым — интернет-алаяқтықпен күреске арналған республикалық күн аясында Өскемен қаласында киберқауіпсіздік тақырыбына арналған алғашқы ашық интеллектуалды квиз өтеді.

📍 Өтетін орны: Красина көшесі бойындағы жағалау
🕕 Басталуы: 18:00
🎮 Форматы: «Квиз, плиз!» командалық интеллектуалды ойыны
🔐 Тақырыбы: киберқауіпсіздік, интернет-алаяқтық және цифрлық сауаттылық

Іс-шара «Заң және тәртіп» жобасы аясында ШҚО Полиция департаменті мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылады.

Барша қала тұрғындары мен қонақтарын қатысуға шақырамыз!
Қатысушыларды келесілер күтеді:
✔️ қызықты сұрақтар
✔️ командалық жарыс рухы
✔️ интернеттегі қауіпсіздік туралы пайдалы ақпарат
✔️ жүлделер мен тамаша көңіл-күй

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар