Өскеменде 2000-нан астам адам «Есірткіге жол жоқ!» акциясына қатысты

Өскемен 26-05-2025, 18:15

Өскемен қаласында KAZ Minerals Half Marathon Oskemen атты ауқымды марафон өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл шараға 2000-нан астам қала тұрғыны мен қонағы белсене қатысты. Жарыс қаланың негізгі көшелері мен әсем жағалау аумағын қамтыды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Қатысушылар үш түрлі қашықтық бойынша — 21,1 км, 10 км және 5 км — өз мүмкіндіктерін сынап көрді. Марафон аясында Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті «Есірткіге жол жоқ!» атты профилактикалық акция ұйымдастырды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысушылар мен көрермендерге арнайы ақпараттық парақшалар таратып, есірткіге қарсы ұрандар жазылған футболкалар мен бас киімдер сыйға тартты.

Сонымен қатар, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары интернет-алаяқтыққа қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, цифрлық қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берді. Олар интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлеріне тоқталып, жеке деректерді қорғау бойынша кеңестер ұсынды.

Бес шақырымдық қашықтықта үздік нәтиже көрсеткендер марапатталды. Жеңімпаздарға Полиция департаменті атынан мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

— Мұндай спорттық акциялар жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеуде және есірткіге қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Марафон — тек спорттық жарыс емес, қоғам үшін маңызы зор әлеуметтік үндеу. Ол әр адамды зиянды әдеттердің салдары туралы ойлануға итермелейді, — деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дәулет Жұмаділов.


Фото: ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар