Полиция төрт айда 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесіп, 3,5 тонна есірткі тәркіледі
Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты бойынша есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыруда, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Спикердің сөзінше, сәуір айында бірқатар сәтті операция жүргізілді. Қосшы қаласында Ақмола облысының тумасы ұсталды. Оның автокөлігінен 6,5 кг a-рvр синтетикалық есірткісі тәркіленді. Одан кейін жүргізілген іс-шаралар барысында басқа да күдіктілер - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ұсталды. Олардан тағы бір килограмм синтетика тәркіленді. Астана қаласында Ақтөбе тұрғыны ұсталды. Одан 2,5 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.
