Өскеменде маса мен шіркейге қарсы улау жұмыстары жүргізіледі

Өскемен 11-06-2025, 16:02

11 маусым күні кешкі сағат 20:00-де Өскеменде маса мен шіркей сияқты қан сорғыш жәндіктерге қарсы улау (дезинсекция) жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар екі жерде өтеді: Комсомол аралы мен Славский жағалауы (Үлбі көпірінен Ғашықтар аллеясына дейінгі аумақ), деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі қала тұрғындарын сақтық шараларын ұмытпауға шақырады. Атап айтқанда, у шашылатын уақытта сол аумаққа бармаған дұрыс, ал үй жақын болса, терезелерді жауып қою керек.

– Жұмыс күн мен ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін. Жаңбыр жауса не жел соқса, улау кейінге қалуы ықтимал, – дейді мамандар.

Дезинсекция қаланың тыныш және жайлы болуына бағытталған. Кешке – скверлер мен демалыс аймақтарында, күндіз – маса көбейетін сулардың маңайында, дренаж жүйелерінде жүргізіледі. Улау жұмыстарын арнайы мамандар атқарады. Қолданылатын дәрілер адамдар мен жануарларға зиянсыз – олар тиісті сертификаттардан өткен.

– Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қала тұрғындарының қолдауы – жайлы орта құрудағы маңызды қадам, – деді ТҮКШ өкілдері.

Фото: Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Елизавета Седых


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар