ШҚО-да Бұқтырма су қоймасынан екі бала құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасында екі бала құтқарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Алтай ауданында тіркелді. SUP-бордпен сырғанау кезінде қатты жел мен ағыс салдарынан балаларды жағадан алыстатып әкеткен.
Балалардың ата-аналары бірден құтқарушыларға хабарласқан. Шақырту бойынша жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті.
Құтқарушылар моторлы қайықтың көмегімен балаларды аман-есен жағаға шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Тексерістен кейін балалар ата-аналарына тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға мынадай ескертулерді сақтау қажеттігін еске салады:
Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз;
Қайықпен, катамаранмен және SUP-бордпен сырғанағанда құтқару кеудешелерін қолданыңыз;
Ауа райы жағдайын және желдің күшін қадағалаңыз.
Фото: ТЖМ