Құтқарушыларға арналған жаңа техника шалғайдағы ауылдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Атырау қаласында өңірлік құтқарушыларға арнайы техниканың салтанатты түрде табысталуы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ТЖ министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа техниканы беру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыруды күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясындағы маңызды қадам. Бұл техника алдағы уақытта төтенше жағдайлар кезінде — табиғи апаттардан бастап, техногендік сипаттағы оқиғаларға дейін — әсіресе шалғай ауылдық елді мекендердегі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Министр өңір басшылығына азаматтық қорғау жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға және техникалық паркті жаңартуға көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдірді.
Сапар барысында өңірдегі төтенше жағдайлар бөлімшелерін материалдық тұрғыда нығайту шаралары, инфрақұрылымды дамыту және мамандарды даярлау мәселелері жан-жақты қарастырылды. Бұл жұмыстар азаматтық қорғау жүйесінің төтенше жағдайларға жедел әрекет ету әлеуетін арттыруға бағытталған.
Фото: ҚР ТЖМ