Ертең Өскеменде «Қазақстан» тауына жаппай жүгіру шарасы өтеді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Өскемен қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын «Қазақстан» тауына қарай жаппай жүгіру шарасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Салтанатты бағдарлама 4 маусым күні сағат 9:30-да басталып, 10:30-ға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында әуесқой спортшылар мен ниет білдіргендер символикалық түрде бірлікті және жаңа шыңдарға ұмтылысты білдіретін тауға көтеріледі.
Жүгіруден кейін, сағат 10:30-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бірлесіп орындалады. Ал 10:40-та мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтардың салтанатты түрде ант беру рәсімі өтеді. Бұл — дәстүр сабақтастығы мен Отанға адалдықтың жарқын көрінісі.
Қала тұрғындары мен қонақтарын бұл маңызды шараға қатысып, жүгіру қатысушыларына қолдау көрсетуге шақырамыз. Іс-шара «Қазақстан» тауында өтеді.
Дамир Омаров