«Жүректен жүрекке»: 2822 баланың арманы орындалды

Өскемен 2-06-2025, 18:23

Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған облыстық «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өз мәресіне жетті. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұл игі шара 2016 жылдан бері жыл сайын 1 наурыз бен 1 маусым аралығында өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде аталмыш акция аясында 25 262 баланың тілегі орындалған, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Акцияға аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар қатысып, өз армандарын хат арқылы жеткізеді. Олардың ізгі тілектерін меценаттар мен жанашыр жандар жүзеге асыруда.

Биылғы жылы акция барысында ерекше білім беруді қажет ететін, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ ата-аналарының бірі мүгедек болып табылатын балалардың 2822 тілек-хаты орындалды.

Кішкентай шығысқазақстандықтар хаттарында қуыршақ, велосипед, коньки, шаңғы, қысқы күртеше, конструкторлар, спорттық аяқ киім, әдемі көйлек, сурет салуға арналған бояулар мен қылқаламдар, мектеп жабдықтары сияқты қажетті заттарды алғысы келетіндерін жазған.

Балалардың өтініштері коммерциялық ұйымдар, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен облыс тұрғындарының демеушілік көмегімен орындалды. Сонымен қатар, акцияға білім беру саласының мемлекеттік қызметкерлері де белсене атсалысты.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар