ШҚО, Өскемен: №3 мектеп-лицейіне модификацияланған оқу кабинетін жабдықтауға қаржы бөлінбек

Өскемендегі Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиында білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жағымды жаңалық айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың мектеп оқушыларын, түлектер мен ата-аналарды оқу жылының тәмамдалуымен құттықтауы барысында аталмыш білім ордасына екі жаңа модификацияланған оқу кабинетін сатып алуға бюджеттен қаржы бөлінетіні айтылды. Бұл білім беру сапасын одан әрі арттыру мақсатындағы қадам.
Айта кетейік, №3 мектеп-лицей – Өскемендегі мемлекеттік тілде оқытатын алғашқы білім мекемелерінің бірі. Қазіргі таңда бұл оқу орнында заманға сай пән кабинеттері мен цифрлық ресурстармен жабдықталған сыныптар саны жылдан-жылға артып келеді. Осы іспеттес даму, жаңғыру-жаңару үрдісі бүгінгі таңда шығысқазақстандық мектептердің көпшілігінде орын алуда.
Елизавета Седых
Аударған: Әл-Сана Азамат
Фото: Махаббат Ахметжанова