ШҚО-да монополияға қарсы күрес күшейтілді: 7,7 миллион теңге айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында монополияға қарсы бақылау шаралары күшейтіліп келеді. 2024 жылдан 2025 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі аралықта өңір бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Департаменті 16 нарық субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тексерулер нәтижесінде жалпы 7,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның 4,1 миллион теңгесі — монополиялық табыс ретінде тәркіленді.
Мамандардың айтуынша, бұл шаралар нарықтағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге және тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған. Алдағы уақытта да департамент тарапынан нарық субъектілеріне қадағалау жалғаса бермек.
Бәсекелестікті қорғау агенттігі барлық кәсіпкерлік субъектілеріне заң талаптарын сақтауды және әділ бәсеке қағидаттарын бұзбауды ескертеді.