Өскеменде жұмыс орындарында отбасын қолдауға арналған халықаралық конференция өтеді

Өскемен 13-05-2025, 12:11 0

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай, Өскемен қаласында «Жұмыс орындарында отбасыға қолайлы саясатты нығайту» атты халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шараның басты мақсаты – отбасы институтын қолдаудың маңыздылығын айқындай отырып, еңбек өмірінің сапасын арттыру, еңбек өнімділігі мен ел экономикасының тұрақтылығына оң әсер ететін отбасыға бағытталған саясатты дамыту бойынша мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, кәсіподақтар және сарапшылар қауымдастығы арасында тиімді әрі жүйелі диалог орнату.

Конференцияға орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, халықаралық серіктестер, ірі компаниялардың HR-директорлары, кәсіподақ ұйымдары мен қызметкерлер бірлестіктері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Жиын соңында мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілерге арналған нақты ұсыныстар жазылған резолюцияға қол қою жоспарланған.

Конференцияны ұйымдастырушылар – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі.

Өткізілу күні: 2025 жылғы 15 мамыр, сағат 10:00
Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, бас ғимараттың колонналы залы (Серікбаев көшесі, 19)


Фото: stock.adobe.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады