ШҚО-да орман қауіпсіздігі күшейтілді: күнделікті рейдтер жүргізілуде
Өскемен
12-05-2025, 10:36
0

Өскемен орманында өрттің алдын алу мақсатында күн сайын тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Өскемен орман шаруашылығы» мекемесінің мамандары орман ішінде күн сайын рейд жасап жүр. Бұл жұмыс демалыс пен мереке күндері де тоқтамайды. Әсіресе адамдар жиі баратын жерлер ерекше бақылауда.
– Тұрғындарға орманда от жақпау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жадынамалар мен ескертулер де таратылуда. От жағуға болмайтыны, өртке себеп болуы мүмкін әрекеттерге жол берілмейтіні үнемі ескертіледі, – дейді орманшылар.
Бұл күшейтілген бақылау орманда көк шөп толық шыққанша немесе ауа райы жақсарғанша жалғасады.
Елизавета Седых
Фото: Өскемен орман шаруашылығы