Өскеменде ұлттық нақыштағы жаңа мурал салынуда

Өскемен 12-05-2025, 10:15 0

Өскемен қаласында ұлттық рухты дәріптейтін жаңа мурал бой көтеріп жатыр. Көпшілік бұл көркем туындыны жақын күндері Ауэзов даңғылы, 16 мекенжайынан тамашалай алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Муралда қазақ халқының табиғи және рухани байлығын бейнелейтін көріністер айшықталған. Кескіндемеде кең байтақ дала, нәзік қызғалдақтар, сондай-ақ ұлттық киімдегі қазақ қызының бейнесі көрініс тапқан. Бұл образдар – халқымыздың болмысын, табиғатқа деген сүйіспеншілігін және ұлттық мәдениетке деген құрметін көркем жеткізудің символы.

Жоба Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ұлттық нақыштағы осындай арт-нысандар қалалық кеңістікті көркейтіп қана қоймай, жастарды өнерге баулуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді.

Муралды салу жұмыстары бірнеше күн ішінде аяқталады деп күтілуде.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады